«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан ауданы білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіскері 2017-2018 оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысының есебі

25.01.2018

   Астрахан ауданы білім бөлімінің  мектепке  дейінгі тәрбие мен оқытудың  әдіскері

    2017-2018  оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарылған

жұмысының есебі

Тәрбиеленуші қандай болсын десек,

                                                                                         Тәрбиеші де сондай болуы тиіс. 

                                                                                                                                         В. Даль


         Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты білім сапасын жаңа деңгейге көтеру болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаның

мақсатына жетуі- мектепке дейінгі білім деңгейі мазмұнын ұйымдастыра алатын педагогикалық корпустың басым шоғыры болуына байланысты.
Тәриеленушінің жолы мектепке дейінгі білім беру ұйымынан басталады. Дәл осы кезде баланы қалай тәрбиелесең, қандай білім берсең, ертеңгі жас Қазақстандық сондай болатыны кепіл.  Владимир Иванович Даль айтқандай:  «Тәрбиеленуші қандай болсын десек, тәрбиеші де сондай болуы тиіс.» Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші

өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын және т.с.с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз. Мысалға,  кез келген тәрбиеші алдына келесідей мақсаттарды  қоюына болады.
Педагогикалық үрдістің үздіксіз жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау; Инновациялық білім беру ортасын, педагогикалық және басқару кадрларының потенциалын дамыту арқылы мектепке дейінгі білім бру ұйымының (МДБҰ-ның) кешендік жетілуіне көмектесу.

Міндеттері: Аудандық МДБҰ педагогикалық тәжірибелерінің нәтижесін айқындау, талдау, бағалау. Әдістемелік әрекеттің түрлі формалары арқылы (әдістемелік бірлестіктер, мастер-класстар, мәселелік тәжірибелік семинарлар, отырыстар, тәжірибелік конференциялар ж.т.б.) педагогикалық шеберліктің дамуына бағытталған жұмысты жүргізу. Жаңа педагогикалық технологиялардың, түрлі  жетістіктердің, педагогикалық тәжірибе мен ақпаратты-коммуникациялық технологияларының енгізілуіне қолдау жасау. Шығармашылық  тұрғыдан  белсене жұмыс атқаратын педагогтардың  тәжірибелерін кәсіби сайыстарға, тәжірибелік конференцияларға қатыстыру арқылы, оқыту мен тәрбиелеу үрдісте қазіргі заманғы құралдарды қолдануды жетелеу. Жаңа дәуір оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендермен оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ету.

    Ауданымыздың  әр шағын орталықтары мен әр балабақшасы  сапалы білім мен сәйкесінше тәрбие беруі

қажет. Ол үшін әр тәрбиеші күнделікті сабақ  жоспарларын жазумен  шектеліп қоймай өз-өзін дамытып, өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, шығармашыл болуы тиіс.  Сол себепті де педагогтар жұмысында себі тиетіндей, көмек болатындай материалдары бар аудандық семинарлар өткізілуі тиіс. Міне бізде осы қағидаларды алға қоя отырып, өзіміздің жылдық  жоспарымызда  бірнеше  МДБҰ-да  өтілетін аудандық семинарларды жоспарға алдық.  Алдымен құрылған жылдық жоспарымызға сәйкес оқу жылының алдында  жыл сайынғы дәстүр бойынша тамыз конференциясы секциясын өткіздік. Тамыз конференциясы - «Қазақстанның жаңғыртуы 3,0- білімнің үлесі»  тақырыбы аясында өтілді. Күн тәртібінің  бірінші мәселесі бойынша   баяндамалар тыңдалды:  Петровка ауылының «Айгөлек»  балалар бақшасының  әдіскері Наурызбаева Б.Н.  «Глабальное значение при воспитании и обучении

детей дошкольного возраста» , Старый Колутон ауылының  «Ақбота»  балалар бақшасының  әдіскері Асылбекова А.Ж.  «Мектепке дейінгі балаларын адамгершілікке, рухани- тарихи әрбиелеу », Жалтыр ауылының  «Алтын дән» балалар бақшасының  әдіскері «Использование иновационного метода»  тақырыптарында баяндамалар оқылып, тыңдалды.   Барлық баяндамашылар өз  тақырыптарын толығынан аша алды..Негізі биылғы тамыз секциясының  алдына қойған өзекті мәселенің бірі- жаңартылған білім мазмұнына көшу мәселесі. Осы тұрғыда  екінші мәселе бойынша МДБҰ-на арналған   әдістемелік нұсқау хаттың жобасын талқыға салып, ондағы көрсетілген  жаңадан

енгізілген өтпелі тақырыптарды талқыға салдық. Тәрбиешілер үшін биылғы жақсы жаңалық ол- тех. карталардың  алынып тасталғаны.Биылғы оқу жылынан бастап циклограммалар кеңейтілген түрде жазылып , өтпелі тақырыптар

мен  астарлы тақырыптарды енгізіп циклограмманың бір аптаға жазылатыны жайлы сөз қозғалды. Бір сөзбен айтқанда секциямыз жоспарлағанымыздай өте жоғары деңгейде өтілді.  Үшінші мәселе бойынша биылғы жылға

аудандық  әдістемелік бірлестіктің басшысын және жаңа құрамын  тағайындау болатын. Әдістеме бірлестігінің басшысы етіп  Жалтыр ауылының «Алтын дән» балалар бақшасының әдіскері Досымова Гүлназым Қаиргалиевна  ұсынылды. Барлық секция қатысушылары бір ауыздан ұсынысты қабылдап Досымова Г.Қ. аудандық

әдістемелік бірлестіктің басшысы болып сайланды. Бірлестіктің құрамына  Петровка ауылының  «Айгөлек» балалар бақшасының тәрбиешісі  Жахина Б. К,  Жалтыр ауылының  «Алтын дән» балалар бақшасының тәбиешісі Доскеева

С.М. және Новоколутон орта мектебінің даярлық сыныбының мұғалімі Шишковская Т.П. енді Қыркүйек

айының соңында    Жалтыр ауылы « Алтын дән» балабақшасында «Педагогикалық технолдогияны қолдану арқылы тәрбиеленушілердің өмірлік құзіреттіліктерін ұйымдастыру процессіне ықпал ететін жаңа білім беру стандарты»  тақырыбында  ауданымыздың  әдістемелік бірлестігінің отырысы  өткізілді. Атаулы  отырыста аудандық балабақша қызметкерлері, шағын орталықтар  педагогтары  қатысып, өздеріне керекті  көптеген 

деректерді  алды. Сондай ақ отырыс барысында өзгерістер енгізілген    жаңа стандарт бойынша  дұрыс жоспарлау , яғни перспективті жоспарлау, циклограмманы жасау кестесін т.б. мағұлматтарды  педагогтар арасында талқыланды.Қараша айының 3 жұлдызында Старый Колутон ауылының  «Ақбота» балалар бақшасында «Педагогикалық үрдістегі дидактикалық ойынның ролі» атты тақырып аясында аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді.  Мақсаты: Дидақтикалық ойынның структурасы, түрлері, негізгі міндеттері туралы

педагогтардың білімін тереңдету және жүйелеу.  Дидакикаық ойындарды ұйымдастырумен  басшылыққа алудың әдістемесі, педагогтардың білімі мен дағдыларын жетілдіру.  Балабақшаның әдіскері Кишкентаева Динара Омирзаковна   барлық жиналған қонақтармен  алдын ала адам бойындағы жағымсыз  стрестік жағдайды жоюға арналған психологиялық  тренингтер өткізді. Семинар қатысушылары  барлығы да қызығушылықпен қатысып, риза

болды.   Психологиялық тренинг аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар бөлініп семинар сабақтарға кірді. Семинарда келесідей сабақ түрлері көрсетілді:

Математика сабағы  «Страна геометрических фигур» тәрбиешісі Ридунова Т.М.         

   II кіші топ Көркем әдебиет сабағы «Үй жануарлары: сиыр, бұзау» - тәрбиешісі Тунгушбаева М.Ж      

  II кіші топ Математика сабағы «Геометрические фигуры» - тәрбиешісі     Лунгу М.В.  ересектер тобы

 Тіл дамыту сабағы  «Байланыс құралдары»  -  тәрбиешісі  Жанакулова К.  ересектер тобы

 Қоршаған орта «Витамины и здоровый организм» -  тәрбиешісі Асылбекова А.Ж  

  II кіші топ

 Қазақ тілі орыс тобында «Менің отбасым» - мұғалімі  Баймагамбетова А.Н.          

ересектер тобы Ағылшын тілі сабағы  «Менің отбасым» -  мұғалімі  Кожахметова А.М. ересектер тобы 

 Дене тәрбиесі сабағы  «Броски мяча о стену и ловля мяча» - нұсқаушысы  Тайшыбаев Д.К. и ересектер тобы.

 Барлық өткізілген сабақтар барысында  балалардың еркін дамуына арналған дидактикалық ойындар түрлері кеңінен қолданылды. Педагогикалық үрдістің жаңа технологияларын да қолдана білді. Өтпелі тақырыптарды да қолайлы қолдана білді. Балабақшаның педагогтары да  тәрбиеленушілері де жоғары деңгейде өз білімдерін ортаға сала алды.

  Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»  атты мақаласы  2017 жылдың 12 сәуірінде  жарияланды.Рухани жаңғыру процессінің  нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар.  Сол жолдардың бірі  қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын  мектеп жасына

дейінгі балалардан бастап кеңінен насихаттау болып табылады.  Сол үшін мектеп жасына дейінгі балаларға  рухани жаңғыру  деген сөздің  мағынасын  дұрыс жеткізе білуіміз керек. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз,

әдебиетіміз,  бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы үшін,  балабақша  бүлдіршіндеріне осы тұрғыда үнемі ақпарат  беріп отыруымыз керек. Осы мақсатта ауданымыздың балабақшаларында жылдық жоспарға сәйкес әр түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, Староколутон «Ақбота» балабақшасында Тәуелсіздік мерекесі қарсанында «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары» тақырыбында мерекелік ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте мерекеге байланысты  өлең шумақтары, балалардың орындауында әндер,  мың бұралған  ұлттық әсем билер мен ата-аналардың  қатысуымен  «Тақия тастамақ»,  «Арқан тартыс  ұлттық қазақ ойындары ойналды. Осындай ойындар ойната отыра, балалардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын

жақсарту,  ұлтшылдылыққа,  салт-дәстүрлерді сақтауға,  отан сүйгіштікке тәрбиелеу,  шапшандылыққа, ұқыптылыққа баулу болып табылады.  Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа- эволюциалық 

даму ғана ұлттың  өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.            

     Жалтыр ауылының  «Алтын дән»  балалар бақшасында    да  мерекеге арналған   «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты іс- шара өтті.  Іс –шараның мақсаты,  бүлдіршіндерді Отанға деген  сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу,

Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге үйрету. Мерекеде балалар туған өлкеге байланысты өлең шумақтарын оқып,  әсем әндерін шырқады, мың бұралған биші бүлдіршіндер би билеп, ұлттық ойындар ойнап

өз өнерлерін көрсетті. Тақырыпқа сай  слайд дайындалып,  слайд бойынша түсініктемелер берілді. Балалар

үлкен қызығушылықпен мұқият тыңдады.   Бұл ұйымдастырылған іс- шара   өз мақсатына жетті деген ойдамын.

    Астрахан  ауылындағы   «Алпамыс»  балалар  бақшасында   «Рухани жаңғыру – тәуелсіздіктің тірегі» атты меререкелік іс шара өтілді. Мереке келесідей сөздер тізбегімен басталды.  XXI – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары,  жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру

мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.  Сондықтанда ата бабамыздан мұра болып келе жатқан ұлттық ойындар – қазақ халқының

ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтарының  бір түрі.  Олай болса бүгін біз сіздермен ұлттық ойындар ойнаймыз деп тәрбиеші қазақтың ұлттық ойындарын бастап кетті. «Арқан тарту»,  «Орамал тастамақ», «Түйілген орамал» т.т б. Ұлттық ойындары  ойналды.  Мереке өте жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар мерекеге белсене қатысып,  ризашылықтарын білдірді.

  Желтоқсан айында  облыстық  «Отаным тағдырым атты»  сырттай  эссе байқауына ауданымыздың үш  балабақшасының  тәрбиешілері қатысып жүлделі орынға ие болды.  Астрахан ауылының  «Алпамыс» балалар бақшасының тәрбиешісі Болдырева Г.Г. жүлделі  I- орынды дипломмен,  «Алтын дән»  балар  бақшасының  тәрбиешісі  Гейбрехт С.И. жүлделі II-орынды дипломмен  және  «Ақбота»  балалар бақшасының  тәрбиешісі Ридунова Татьяна Михайловна қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.  Қазіргі кезеңде  барлық балабақша педагогтары   «Менің үздік тәрбиешім атты» сырттай аудандық  байқауға дайындық үстінде .  Онымен қоса тағы  сырттай  облыстық  «Ең үздік-флипчарт»  сабақ  атты байқауына  қатысушы үміткерлер  ұсыныстарын жолдап жатыр. Ақпан айының  алғашқы жұмасында Петровка ауылының «Айгөлек» балалар бақшасында аудандық әдістемебірлестігінің отырысы өтіледі. Әлі де алдымызға қойған  жоспарлар бар. Оқу жылының соңына дейін  талай қарқынды жұмыстарды  атқарамыз  деген сенімдемін.

    Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін  қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

 

 

 

Просмотров: 1479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст