20.02.2025
19 қараша күні Петровка мектебінде “Жас педагогтар ассосациясының” ұйымдастыруымен
“Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз" атты жас педагогтар байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқау 3 кезеңнен бойынша өтті. 1.Сабақ көрсету
2. Өзін-өзі таныстыру
3. Мамандығым-мақтанышым тақырыбында эссе жазу ұсынылды.
Сайысқа 10 мұғалім қатысты. Әр мұғалім өз пәні бойынша сабақ өткізді. Сабақтық құрылуы, сабаққа қойылған мақсаттың дұрыстығы, мақсатқа мұғалімнің жетуі бәрі жан-жақты қадағаланды.
Сайыс қорытындысы бойынша педагогикалық шеберлігімен, оқушыларға деген ерекше махаббатымен Астрахан N1 мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Оспанова Гульвира Кенжебековна 1-орын алып, облысқа жолдама алды.