Текст
/public/files/2026/5/19/190526_131304_daryndy-balalarrotated.pdf
Қоғамдық-Гуманитарлық бағыт және кітапхана қоры бойынша жұмыс жоспары
| Мақсаты: - Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлауын, өз ойын еркін жеткізе алуын дамытуға ықпал ететін заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру және кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. -Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих сияқты қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқушылардың пәндік құзыреттілігін арттыру, білім сапасын көтеру. -Педагогтердің кәсіби қызметін басқаруды жетілдіру, оқу процесінің сапасына жүйелі мониторинг жүргізу, нәтижеге бағытталған білім беруді қамтамасыз ету. |
||||||
| Міндеттері: -Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытуда жүйелік-әрекеттік тәсілдерді, саралап және деңгейлеп оқыту әдістерін қолдану білігін жетілдіру. -Заманауи педагогикалық технологияларды (АКТ, жобалау әдісі, критериалды бағалау жүйесі және т.б.) пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін стандартты емес сабақтар өткізу. -Оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстарды жетілдіру, дарынды және қоғамдық-гуманитарлық пәндерге бейім балаларды анықтап, жүйелі түрде қолдау. -Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарттан жоғары дәрежеге жеткізу. -Оқушыларды пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, дебат сайыстарына, шығармашылық конкурстарға дайындаудың тиімді тәсілдерін қолдану. -Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарына қатысуын қамтамасыз ету, жаңа әдістемелерді практикаға енгізу. -Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында педагогикалық оқуларға, шығармашылық шеберлік байқауларына, семинар-тренингтерге қатысуын ұйымдастыру. -Оқушылардың білім сапасын бақылау үшін ішкі мониторинг, диагностикалық жұмыстар, салыстырмалы талдау жүргізу. -Ата-аналармен және қоғамдастықпен бірлесе жұмыс істеп, оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған ортақ іс-шаралар ұйымдастыру. |