/public/files/2026/4/28/280426_121010_ghmys-ghospary.pdf
Жоспардың мазмұны
І. Білім беру үдерісін оқу-әдістемелік жағынан ұйымдастыруды қамтамасыз ету
1.1. Білім беру үдерісіне диагностика, түзету және мониторинг жүргізу
1.2. Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған әдістемелік кеңестер беру
1.3. Білім беру жүйесін кешенді ақпараттандыру
ІІ. 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
ІІІ Білім беру саласындағы кадрлардың біліктілігін көтеру жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету
2.1. Педагог қызметкерлердің кәсіби дамуын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету
2.2. Акциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, педагогикалық оқулар
2.3. Аудандық ,облыстық байқаулар, олимпиадалар, фестивальдар
2.4. Ата-аналар қоғамдастығы кеңесінің тізімі
2.5. Әдістемелік кеңестің тізімі
2.6.Әдіскерлер жетекшілік ететін мектептер тізімі
ІV. Астрахан ауданының білім беру ұйымдарының желісі
V . Әдістемелік кеңестің жоспары
VI. Әдіскерлердің жылдық жұмыс жоспары
VII. Әдістемелік кабинеттің айлық, апталық жұмыс жоспары
VIIІ. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
Әдістемелік кабинеттің тақырыбы:
(Инновациялық басқару мәдениетін, цифрлық сауаттылықты және кәсіби құзыреттілікті дамыту арқылы сапалы білім беруді қамтамасыз ету)
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесін тиімді басқару мен педагогтің тұлғалық құзыреттілігін арттыру білім сапасын көтерудің басты шартына айналып отыр.
2025–2026 оқу жылы – цифрлық трансформация мен функционалдық сауаттылықты дамыту, білім сапасын басқаруда мониторингтік мәдениетті қалыптастыру жылы.
Осыған байланысты әдістемелік қызметтің басты бағыты — басқарудағы жобалық тәсілді жетілдіру, цифрлық және тұлғалық құзыреттілікті дамыту, білім беру сапасын қамтамасыз етудің жүйелі моделін қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалық және басқарушылық қызметтің заманауи моделін енгізу арқылы білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби және тұлғалық құзыреттілігін дамытуға, инновациялық және жобалық басқару мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау, инновациялық іс-әрекеттер арқылы педагогтердің кәсіби біліктіліктерін дамыту.
Әдістемелік кабинет қызметінің басым бағыттары:
1. әдістемелік кеңестің, педагогтердің шығармашылық және жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру, педагогикалық және басшы қызметкерлерге білім берудің өзекті мазмұнын және оны іске асыру әдістерін іріктеу мен меңгеруде практикалық көмек көрсету;
2 білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа буынның білім беру стандарттарын іске асыру сапасын мақсатты түрде енгізу және пысықтау;
3. білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен мазмұнына мониторингті жүзеге асыру, оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу және атаулы әдістемелік көмек көрсету;
Мақсатқа жету қадамдары:
1. Әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысанын, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және педагогтерге, білім беру ұйымдарына көмек көрсетуге бағытталған білім беру қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды (коучингтер, шеберлік-сыныптар, консультациялар, сабақтарды талдау, дәрістер, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, кәсіби шеберлік байқаулар және т.б.) ұйымдастыру және өткізу;
2. Педагогикалық қызметті зерделеу, талдау және бағалау, тәрбиеленушілер мен оқушылардың білім беру жетістіктерін мониторингілеу, жұмыс тәжірибесін жинақтауды және жүйелендіруді қамтамасыз ету, тиімді нысандар және олардың нәтижелілігі туралы деректер банкін құру;
3. Білім беру ұйымдарына және жекелеген педагогтарға инновациялық қызметте қолдау көрсету, тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4. Педагогтерді мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен ақпараттандыру, оқытудың сыныптан тыс, пәндік мектептен тыс және тәрбие жұмыстарының инновациялық түрлері мен әдістерін зерделеу және шығармашылық меңгеру;
5. Педагогтерді балалар мен ересектерді оқыту, тәрбиелеу және дамыту проблемалары бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер туралы қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету, ақпараттық-библиографиялық жұмысты жүргізу, медиатека әзірлеу;
6. Білім алушыларға білім беру мен оларды тәрбиелеуге қатысатын білім беру ұйымдары, мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдары, ЖОО ғалымдарымен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде ұйымдастыру;
7. Біліктілікті арттыру ұйымдарымен бірлесіп, педагог және басшы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, педагогтерге үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;
Күтілетін нәтижесі:
1. Білім беруді жаңартылған мазмұнға көшіру аясында педагогтар ақпараттық-аналитикалық, педагогикалық-ұйымдастырушылық, оқу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етіледі, педагог кадрлардың үздіксіз білім алу жұмыстары жүзеге асырылады.
2. Заманауи оқыту әдістемелері мен инновациялық педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізудің озық педагогикалық іс-тәжірибелері облыс, республика көлемінде таратылады.
3. Білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие жұмыстарының көрсеткіштеріне педагогикалық талдау, диагностикалау, түзету, зерделеу және болжау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі жарияланады.
4. Облыстық, республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысушылар ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етіледі, әдістемелік қызметті үйлестірудің инновациялық менеджмент негіздері қалыптасып, дамиды.
Басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар