«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ

ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АНОНС

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Білім бөлімі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Білім бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Талдаудың мақсаты- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Талдау шеңберінде келесі мәселелер қаралатын болады:

-мемлекеттік қызметтер көрсету;

-кадрлық рәсімдер;

-мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

-бюджет қаражатын пайдалану және қызметтің өзге де бағыттары.

Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы «04» мамырдан «16» маусымға дейін.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобы құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша ұсыныстар мен ескертулерді келесі байланыс деректері арқылы жолдауға болады: 8 (71641) 2 21 38, жауапты орындаушы - білім бөлімінің әдіскері Аубакиров Ербол Адамович.


Текст