«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заманауи мектептегі инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы аудандық семинар

2022 жылдың 22 сәуірінде Астраханка ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі КММ-де Астрахан ауданы мектептерінің коррекциялық және инклюзивті сынып мұғалімдеріне арналған «Заманауи мектептегі инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинар барысында педагогтарды толғандыратын теориялық сұрақтар қарастырылды, түзету сыныптарының оқушыларымен әр түрлі пәндер бойынша практикалық сабақтар көрсетілді.

Семинарға Астрахан ауданының білім бөлімінің әдіскері, мектеп педагог-психологтары қатысты.

Семинарда педагогтар инклюзивтік білім берудің өзекті мәселелерін, ЕҚҰ бар балалармен жұмыс жасаудың тәсілдері мен әдістерін талқылады.

Семинар бағдарламасында әр түрлі жабдықтарды пайдалана отырып, жұмыстың принциптері мен тәсілдерін көрсету қарастырылған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тәрбиеленушілердің әрбір санатына қатысты шешілетін басым міндеттер белгіленген.

Мектеп директоры Бахтияр Болатұлы Мағзұмов өз сөзінде қызметтің басым мақсаттары, міндеттері, бағыттары белгіленді, ерте кешенді жеке-бағытталған көмекті жүзеге асыруға, ерте жастағы балалардың проблемаларын шешуге, баламен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін ата-аналарды белсенді түрде қосуға ерекше назар аударылды.

Семинар бағдарламасы психолог пен сынып жетекшілерінің ашық сабақтарына қатысуды қамтыды.

Семинарды қорытындылау барысында құрметті қонақтар оның жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейін атап өтті. Бағдарлама мазмұнды, ақпараттық болды, семинар сындарлы диалог және тиімді өзара іс-қимыл режимінде өтті.

 

Білім бөлімінің әдіскері

Қарлығаш Маратқызы Садвокасова

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 14.07.2023 11:34
Құрылған күні: 14.07.2023 11:46

Текст