«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынтастың сыры

05.01.2018

         Еліміздің әр түкпіріндегі ежелгі, тарихи, киелі орындарымен танысу елдік бейнеміздің ткәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетініміз­ді әр кез естен шығармағанымыз абзал. Бұл орайда арнайы саяхат ұйым­дастырып  ұлттық құндылықтарымызды құр­меттеуге тәрбиелеудің орны ерекше. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама­лы мақаласында  еліміз бен жеріміз­ді, тарихи мол мұраларымызды сақта қана қоймай, келешек ұрпақ кәдесіне жарату, сонымен бірге бүкіл әлемге таныту

мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу қажеттігін ұсынғаны мәлім. Осы тарапта атқарылып жатқан «Қазақстанның киелі жерлерінің, географиясы» жобасы елімізді танытуға тың серпіліс беріп отыр. Осы арада айта кетелік, бағ­дар­ламалық мақала шеңберінде жер­гілікті атқарушы органдарға тап­сырылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша облыс және аудан  әкімдерінің  өкімімен қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламасын іске асыру аясында өңірлік комиссия құрылып, олардың жанынан жұмыс топтары жасақталған болатын. Аталған жоба аясында облыстағы қасиетті, киелі жерлердің тізімі анықталып, олардың өңірлік картасы дайындалуы тиіс еді. Осы іс-шараға азда болса өз үлесімізді қосу мақсатында алақандай ауылымыздан бір шақырымдай жерде орналасқан ел аузында «Сынтас» аталып келген жәдігер туралы естігенімізбен бөлісуді жөн көрдік. Алдағы уақытта бұл жер туралы оқушылармен бірлесіп жоба жұмысын әзірлеуді ұйымдастыру ойымызд бар.

   

Қаншама жылдан берi құпия болып жұрттың қызығушылығын тудырып келген қасиетті тас туралы халық арасында бірнеше түсінік қалыптасқан.  Сұрастыруымыз бойынша кейбір ауылымыздың көнекөз қариялары бұл жер өте қасиетті тасты айнала орналасқан қорымдарды аштық жылдарындағы құрбандардың қабірі десе, енді бірі «Бұл ата-анасының батасын алмай тұрмысқа шықпақшы болған мәртебелі әулеттің қызын анасы қарғап – қыз сол мезетте тас болып қатып қалған» деген аңыз да бар екен.  Ал енді бірде қариялар сол тасты қазып көрмекші болып адамдар бірнеше рет ұмтылыс жасағанымен табиғатта күн күркіріп, қатты дауыл соғып , қазуға мұрша бермеген дейді.  Тосындау мiнезiмен құпия сыр бүккен әйел адам бейнесіндегі тас  жайлы әңгiме осылай тармақтала бередi.

Просмотров: 1346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст