«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі

23.06.2023

2023 жылғы 23 маусымда Аршалы ауданы базасында Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің офлайн/онлайн аралас режимде жоспарлы кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс жұмысына 130-ға жуық қатысушы қатысты. Бұл Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері; Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері; облыстық әдістемелік орталықтың өкілдері, облыстық ұйымдардың басшылары: ППТК және ПМПК меңгерушілері, тірек балабақшалардың меңгерушілері, тірек мектептердің директорлары; инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық / қалалық/ білім бөлімдерінің әдіскерлері; мәслихаттың, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері, Аршалы ауданының аудандық ауруханасы, ҮЕҰ.

Отырыс барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға медициналық көмек көрсету, Аршалы ауданында мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, жалпы ауданда және жекелеген тірек білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Кеңес отырысының соңында 2022-2023 оқу жылындағы «Арнайы білім берудің үздік педагогы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары арнайы білім беру ұйымындағы өз тәжірибелерімен таныстырды.

 

Білім бөлімінің әдіскері

Қарлығаш Маратқызы Амантаева

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.07.2023 16:33
Құрылған күні: 14.07.2023 11:24

Текст