«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. "Ұлы даланың жеті қыры" - халықтың ұлы игілігі атты аудан көлемінде өткен семинар мәліметі.

Тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын халқымызға жариялады. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданыл-маған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

      Бұл мақаланы оқи отыра Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі Ұлы Даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы бір мәрте қанықтық. Бұл мақала Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының үйлесімді жалғасы.

«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы біздің бай мәдени мұраларымыз өз мемлекетіміздің азаматы мен патриотының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және шыңдалуына тікелей ықпалы тиетіндей болуы тиіс.
Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі халық, өткен тарихтағы өр тұлғалардың ұрпағы екендігін мақтанышпен сезінетін болады.

         Жамбыл мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары тыс қалмай, тәрбие сағаттарында осы мақаланың бас аспектілеріне назар аударып отырады. Сынып жетекшілер және пән мұғалімдері оқушыларды сынып сағаттарында, сабақтарында  осы мақаланың үзінділерімен таныстырып, бұл мақала - Ұлы даланың жаһандық тарихтағы жәдігерлеріне тың көзбен қарауға мүмкіндік беретін тарихи оқиға екендігін айтып отырады.

"Ұлы даланың жеті қыры" - халықтың ұлы игілігі атты аудан көлемінде  семинар өткізді.

Жоспар бойынша мектеп директоры М.О.Дюсекеева сөз сөйледі.

Мектеп  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Смагулова Б.Г. «Ұлы даланың жеті қыры» - халықтың  ұлы игілігі – танымдық  сағатын өткізді.

«Ұлы даланың жеті қыры» - атты тақырыппен өткен жарыс сабағын бейнекөрсетілім  арқылы өтті. Сабақты тарих пәнінің мұғалімі Байманов Б.Ж. өткізді.

«Ұлы даланың қолөнер бұйымдары» - тақырыбымен аға тәлімгер Жанысбек К.Қ. презентация және оқушылардың шығармашылық жұмысынан бейнекөрсетілім көрсету арқылы өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімі Құлмағамбетова П.О. 3 сынып оқушыларымен «Алтын адам» тақырыбында өткізген  сабағын сабақ-панорама бейнеролик арқылы өткізді.

"Қазақстан – алма мен қызғалдақтар отаны" – атты тақырыппен бастауыш сынып мұғалімі Смагулова А.С. 1 сынып оқушыларымен дайындаған тәрбие сағатын бейнекөрсетілім арқылы өткізді.

Дәстүрлік мәдениетті дамыту мақсатында «Атқа міну мәдениеті» тақырыбы бойынша АӘТД жетекшісі Аубакиров А.Д.  презентация және бейнекөрсетілім арқылы сабағын өткізді.

Қорытындылай келе, мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты стратегиялық мақаласы барша болмыс-бітіміміз бен қадір - қасиетімізге нәр беріп, кемел келешегіміздің бағыт - бағдарын айқындап бергенін айтқым келеді. Мұның бәрі - өткенін мақтан тұтып, өз - өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеуде бағдаршам болатын құндылықтар. Міне, бүгінгі аға буынның ұрпақ алдында адал атқаратын бастамалары да осы. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек.

Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін, ұлттық құндылықтарымызды,сана сезімдерімізді рухани қазынамызды жалғастыру, дәріптеу бүгінгі ұрпақ еншісінде.

Жаңартылған күні: 03.02.2021 11:37
Құрылған күні: 03.02.2021 11:37

Текст