«Жарқыра, жайна Жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде!»
2022 жылдың 26 желтоқсан күні Астрахан ауылының Мәдениет үйінде Әкімнің атынан «Жарқыра, жайна Жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде!» атты Жаңа жылдық шырша өтті.
Жаңа жылдық шыршаға халықтың әлеуметтік осал топтарынан 60 бала қатысты. Олардың ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ата-аналар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар және білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары бар.
Әр балаланы кіреберісте ертегі кейіпкерлері күтіп алып, ертегілер еліне жол сілтеді. Балалар кейіпкерлермен фотоаймақта естелік суретке түсіп, кейін таңғажайыпқа толы мерекелік залға өтті.
Жаңа жылдық іс-шараның қызықты бағдарламасына ертегі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылым, конкурстар мен ойындар кірді.
Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Жанар Казкенқызы Шахпұтова әр ауылдан келген балаларды құттықтап, армандарының орындалуын тіледі.
Әр балаға Әкімінің атынан сыйлықтар табысталды.
Білім бөлімінің әдіскері
Қарлығаш Маратқызы Садвокасова