Государственное учреждение «Отдел образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»
«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының отырысы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының отырысы  2020 жылдың 18 қараша кұні онлайн форматта /ZOOM арқылы/ өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

1. Балалар мен жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру /Петровская ОМ-Толағайқызы Айнұр/;

2. Каникул кезеңінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру /Жамбул ОМ -Смагулова Б.Г./;

3. Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын, Әл-Фарабидің 1150-жылдығын және Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында өткізілген жұмыстарды талдау /ПервомайскаяСШ -Щербинина Т.Г./;

4. Аудандық семинарға дайындығы туралы /Оксановская НМ – Авсеева И.П./;

5. Білім беру ұйымдарының 2020-2021 оқу жылының І-тоқсандағы тәрбие жұмысындағы жетістіктері  /әдіскер- С.Ибикенова/.

Отырыстың  қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар қабылданды:

- Жоғарыда көрсетілген ақпараттарды  назарға алу;

- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде білім беру ұйымдары білім алушыларының патриоттық тәрбие бойынша жұмысын жалғастыру;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын  білім беру ұйымдарында іске асыру жұмыстарын жалғастыру;

- Қашықтан  оқыту  жағдайында  құндылықтарға   негізделген  тәрбие бойынша  жұмыстарды  жалғастыру;

- Жасөспірімдер арасында жарақаттануды, зорлық – зомбылықты, суицидті, құқық бұзушылықты, діни эстремизмді алдын - алу жұмыстарын өткізу;

- Оқу-тәрбие процесіне қатысудағы ата-аналардың рөлін арттыру;

- Білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) күнделікті байланысты жүзеге асыру.

Жаңартылған күні: 19.11.2020 16:52
Құрылған күні: 19.11.2020 16:53

Текст