Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастық аясында 2021 жылғы ақпанның 1 күні Астрахан ауданының барлық білім ұйымдарында «Шәкәрімнің өсиеті-адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті. Бұл сынып сағатта оқушылар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық көзқарастарымен танысты.
Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастйды.
Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы туралы бейнеролик тамашалады. Ақын алған білім мен халықтың игілігі үшін жұмыс істеу арқылы ғана биік мақсаттарға жетуге болады деп санады. Оқушылар ұлы Шәкәрімнің философиясын талқылап, мынадай қорытындыға келді: адамгершілігі жоғары, қарапайымдылық пен әділеттік адам, оның қасиеттері, Шәкәрімнің ойынша, осы змаңғы адамның бейнесі, біздің қоғамымыздың идеалы.
С.Ибикенова- тәрбие жұмысы бойынша әдіскер.