2024 жылдың 8 қараша күні оқушылар арасында аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Ұйымдастырушылар: «Астрахан ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ.
Турнирдің мақсаты-қазақстандық қоғамда орын алып отырған өзекті проблемалық жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы аудан оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, нақты проблемаларды шешу жолдары мен тетіктерін қалыптастыру. Турнирге ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Турнир дүниежүзілік парламенттік формат бойынша (3 қатысушы командасында) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, орыс лигасының 4 фракциясы және қазақ лигасының 5 фракциясы бойынша өткізілді.
Жүлделі орындар келесідей анықталды: орыс лигасы
1 орын - "Бастион" фракциясы, Астрахан ауылының № 2 ЖОББМ;
2 орын - "Говори правду" фракциясы, Жалтыр ауылының № 2 ЖОББМ.
2 орын -" Реал-Мадрид" фракциясы, Новочеркасс ауылының ЖОББМ.
Қазақ лигасы:
1 орын - "Альфа" фракциясы, Астрахан ауылының №1 ЖОББМ
2 орын - " Аманат" фракциясы, Жамбыл ауылының ЖОББМ;
3 орын - "Ұшқыр ой" фракциясы, Жаңатұрмыс ауылының ЖОББМ. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушылар қатысқаны үшін мақтау қағаздарын алды.