10.01.2025
2024 жылғы 26 желтоқсанда Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлының атынан Астрахан ауылының Мәдениет үйінде «Жарқын, Жайна Жаңа жыл - Тәуелсіздік Қазақ Елі!» жаңа жылдық шырша өтті. Жаңа жылдық шыршаға 60 оқушы қатысты.
Әр баланы ертегі кейіпкерлері қарсы алып, ертегі еліне жіберді. Жаңа жылдық іс-шараның қызықты бағдарламасына ертегі кейіпкерлері бар театрландырылған қойылым, байқаулар мен ойындар кірді.
Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы түрлі ауылдардағы балаларды құттықтап, олардың армандарының орындалуын тіледі. Әр балаға әкімнің сыйлықтары табысталды. Жаңа жыл – бұл әр балаға қуаныш сыйлайтын мереке.
Жаңа жыл құтты болсын!