10.01.2025
2024 жылғы 25 желтоқсанда білім беру ұйымы басшыларының, бас мамандардың, әдіскерлердің қатысуымен білім бөлімінің басшысы П.Ю. Барахоеваның төрағалығымен аудандық білім бөлімі Кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-нің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы. 2025 жылға арналған перспективалар мен міндеттер.
2. 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңның орындалуы туралы.
3. "Мектеп медиациясы қызметі", "Сенімхаттарды беру туралы" тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары.
Кеңестің салтанатты бөлімінде "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Лозовое ауылының негізгі орта мектебі" КММ-де 2024 жылы шыққан ГАЗ 322173 кілттері табысталды.