2021 жылдың 22 мамыр күні Астрахан ауданының барлық 31 мектептерде «Оқу жылының қорытындысы туралы» тақырыбында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы бойынша жиналыс екі бөлімнен тұрды:
І бөлім – мектеп директорының сөз сөйлеуі (жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылау: 2020-2021 оқу жылының қорытындылары, оқу жылының соңындағы іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші, жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру және т.б.). Бұл бөлім онлайн форматта ұйымдастырылды;
ІІ бөлім – педконсилиум, ата-аналармен кездесу мектепте жалғасты. Мектеп акт залында келген ата-аналарға пән мұғалімдері балаларының оқу жылындағы қорытындылары туралы хабардар етті. Әр ата-ана мұғалімдермен жеке сөйлесуге, баласы туралы толық ақпарат алуға, пәндер бойынша баланың үлгеріміне егже-тегжейлі талдау алуға мүмкіндік алды.