«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

18.12.2025

«Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.

Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Ғылыми-техникалық – 71 орын, бір оқушы мен тәрбиеленушіге айына шаққандағы орташа құны 15217 теңге, ерекше білім қажеттілігі бар балаларға айына 15800 теңге;

Туристік-өлкетанулық – 9 орын, бір оқушы мен тәрбиеленушіге айына шаққандағы орташа құны 15217 теңге, ерекше білім қажеттілігі бар балаларға айына 15800 теңге;

Эколого-биологиялық – 7 орын, бір оқушы мен тәрбиеленушіге айына шаққандағы орташа құны 15217 теңге, ерекше білім қажеттілігі бар балаларға айына 15800 теңге;

Көркемдік-эстетикалық – 45 орын, бір оқушы мен тәрбиеленушіге айына шаққандағы орташа құны 15217 теңге, ерекше білім қажеттілігі бар балаларға айына 15800 теңге;

Әлеуметтік-педагогикалық – 24 орын, бір оқушы мен тәрбиеленушіге айына шаққандағы орташа құны 15217 теңге, ерекше білім қажеттілігі бар балаларға айына 15800 теңге;

Гуманитарлық – 38 орын, бір оқушы мен тәрбиеленушіге айына шаққандағы орташа құны 15217 теңге, ерекше білім қажеттілігі бар балаларға айына 15800 теңге;

Жаратылыстану-математикалық – 38 орын, бір оқушы мен тәрбиеленушіге айына шаққандағы орташа құны 15217 теңге, ерекше білім қажеттілігі бар балаларға айына 15800 теңге.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдар ағымдағы жылдың 18 - 24 желтоқсан аралығында білім бөліміне құжаттар ұсынуы қажет (орналасқан орны – Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, байланыс телефоны: 2-21-38, және электрондық форматтағы поштаға AstrahankaOO@yandex.kz):

1. осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2. қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмайтын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты);

3. жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;

4. балаларға арналған қосымша білім беру бағдарлжылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;

5. балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

6. тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама;

7. педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

8. ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) (Жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

9. ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

10. ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы.

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, қол қойылады, мөрмен (бар болса) және басшының қолымен куәландырылады.

Просмотров: 57


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст