«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалім күні

02.10.2026

2025 жылы 2 қазан күні Астрахан ауданының Мәдениет үйінде мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шараға педагогикалық еңбек ардагерлері және ұлағатты ұстаздарымыз қатысты. Астрахан ауданы әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. 
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Жанқиярлық еңбек жасаған педагогикалық еңбек ардагерлеріне Астрахан ауданының әкімі гүл шоқтарын ұсынды.
Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға «Айрықша еңбегі үшін» алғыс хаттар мен мадақтамалар табысталды. 
Астрахан ауданының білім саласына келген 16 жас мамандарымызды да ортаға шақырып, Астрахан ауданының еңбек сіңірген педагогы Кульшара Конопьяновна Маишева ақ тілегін білдірді.
Іс-шарамыз концерттік бағдарламамен аяқталды.

Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст