23.04.2026
"Лозовое ауылының НОМ" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша аудандық семинар өтті. Іс-шара «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылықтарға негізделген тәрбие және оқыту мен тәрбиенің сабақтастығы тақырыбына арналды. Семинардың ашылу барысында негізгі бағыттар белгіленді. Бұдан кейін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары баяндама жасап, мектептегі сабақтастық жүйесін жан-жақты таныстырып, бағдарламаны іске асырудағы тиімді тәжірибелерді ұсынды. Семинардың тәжірибелік бөлімі мазмұнға бай әрі жан-жақты ұйымдастырылды. Қатысушылар әдебиет, химия, география, математика және құқық негіздері пәндерін қамтыған кіріктірілген сыныптан тыс іс-шараға, зияткерлік-спорттық ойынға, сондай-ақ 8-сыныптағы биология пәнінен ашық сабаққа қатысты.Барлық өткізілген жұмыстар нақты жоспарлануымен, оқушылардың белсенді қатысуымен және заманауи білім беру әдістерін тиімді қолдануымен ерекшеленді. Этноауылға ұйымдастырылған экскурсия мен «Ата-баба тынысы» атты шеберлік сабағы қатысушыларға ұлттық дәстүрлердің мәнін терең түсінуге және олардың тәрбие үдерісіндегі рөлін айқын көруге мүмкіндік берді.