28.04.2026
22–26 сәуір күндері Түркия Республикасының Анталия қаласында халықаралық Fibonacci Eurasia Robot Olympiad робототехника олимпиадасы өтті.
Бұл беделді халықаралық жарыста Қазақстан Республикасының намысын 170-тен астам оқушы мен жаттықтырушы қорғады 🇰🇿
Биылғы жылы олимпиадаға 11 мемлекеттен 629 команда қатысып, жоғары деңгейдегі бәсекелестік қалыптасты. Қазақстанмен қатар Түркия, Әзербайжан, Грузия, Румыния, Литва, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және басқа да елдердің командалары өзара сынға түсті.
Қазақстанның ұлттық құрамасы 84 командадан құралды және қатысушылар саны бойынша ең ірі делегациялардың бірі болды. Бұл елімізде робототехника мен инженерлік білімнің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.
Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылының №1 мектеп-гимназиясының
8-сынып оқушысы Серік Абыдайхан халықаралық олимпиадаға қатысып,
Autonomous Car Racer санаты бойынша бақ сынады.
Аталған санатта барлығы 19 команда қатысты.
Middle жас ерекшелік тобы бойынша «АСТРАХАН» командасы 5-орынға ие болды.
Жетекшісі: Оспанов Дулат Кенжебекович
Жарыс қорытындысы бойынша команда сертификат пен әлемдік финалға жолдама жеңіп алды.
Әлемдік финал 2026 жылдың қараша айында Италия мемлекетінде өтеді перевод с рус