12.05.2026
2026 жылдың 8 мамыр күні оқушылар арасында аудандық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты-қазақстандық қоғамда орын алып отырған өзекті проблемалық жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы аудан оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, нақты проблемаларды шешу жолдары мен тетіктерін қалыптастыру. Турнирге ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Турнир дүниежүзілік парламенттік формат бойынша (3 қатысушы командасында) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, орыс лигасының 5 фракциясы және қазақ лигасының 4 фракциясы бойынша өткізілді.
Жүлделі орындар келесідей анықталды: қазақ лигасы
1 орын - "Алтын орда" командасы, Жамбыл ауылының ЖОББМ;
2 орын - "Эдельвейс" командасы, Колутон ауылының ЖОББМ.
3 орын -" Тапқырлар" командасы, Жаңатұрмыс ауылының ЖОББМ.
Орыс лигасы:
1 орын - "Сила слова" командасы, Жаңа Колутон ауылының ЖОББМ;
2 орын - "Ақиқат" командасы, Жалтыр ауылының №2 ЖОББМ;
3 орын - "Новатор" командасы, Зеленое ауылының ЖОББМ. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушылар қатысқаны үшін мақтау қағаздарын алды.