20.06.2026
Астрахан ауданында 2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанатты жиындары өтті.
Биыл аудан мектептерінен 112 түлек 11-сыныпты, ал 296 оқушы 9-сыныпты аяқтап, 4 оқушы Алтын белгі иегері, 42 оқушы Үздік аттестат иегері болып білім жолындағы маңызды белесті бағындырды.
Салтанатты шара барысында түлектерге мемлекеттік үлгідегі аттестаттар табысталып, олардың білім жолындағы жетістіктері мен табанды еңбектері ерекше аталып өтті.
Бүгінгі жас түлек – ертеңгі ел тірегі. Әрқайсыңыздың жүрек түкпіріңіздегі армандарыңыз асқақ мақсаттарға ұласып, өмір жолдарыңыз жарқын жетістіктерге толы болсын!
Құрметті түлектер!
Алда сіздерді жаңа мүмкіндіктер мен үлкен белестер күтіп тұр. Қай салада жүрсеңіздер де туған елдің мақтанышына айналып, білім мен еңбектің арқасында биік шыңдарды бағындыруларыңызға тілектеспіз.
Ақ жол, жас түлек!