29.07.2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және білім бөлімі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі қағидалары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын сақтаудағы қызметкерлердің жеке жауапкершілігі мәселелері қарастырылды.
Қатысушыларға заңнама талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу және кәсіби қызметте адалдық, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстанудың маңыздылығы жөнінде түсіндірілді.