Жас педагогтерге арналған “Jas teach lab: идеядан инновацияға” байқауының облыстық кезең қорытындысы
29.10.2026
🌟 Жеңіс құтты болсын!
29 қазан күні Көкшетау қаласында жас педагогтерге арналған “Jas teach lab: идеядан инновацияға” байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Бұл беделді байқауда аудандық кезеңнің І орын жеңімпазы — Жалтыр ауылы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Абдижанова Динара Мырзабекқызы өз жобасын сәтті ұсынған болатын.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Динара Мырзабекқызы қарсыластарының арасынан оза шығып, Бас жүлдені иеленді және 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды!
Талантты ұстазды осынау жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби жолында биік шыңдарды бағындырып, шәкірттеріңіздің жетістігімен қуанта беруіңізге тілектеспіз! 👏🎓
Білім бөлімінің әдіскері:А.Итемген
Просмотров: 65