✨ ЖАС ПЕДАГОГТЕР – ТӘЖІРИБЕ ВЕКТОРЫНДА! ✨
31.10.2026
28 қазан күні Көкшетау қаласындағы Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында жас педагогтерге арналған ауқымды CONNECT диалог алаңы өтті.
Аталмыш шараға Астрахан ауданының намысын абыроймен қорғап, Астрахан ауылының №1 мектеп-гимназиясының білікті де белсенді ұстаздары қатысып қайтты:
👨🏫 Оспанов Дулат Кенжебекович
👩🏫 Съез Ахбота
👩🏫 Оспанова Гульвира Кенжебекқызы
👩🏫 Имантаева Айбат Конысбаевна
💡 Іс-шара барысында жас мамандар заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдермен танысып, озық тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдады. Кәсіби диалог пен шығармашылық ізденіске толы жиын соңында тәжірибе алмасқан педагогтарымызға арнайы сертификаттар табысталды.
👏 Мектеп-гимназия ұжымы мен әріптестерімізді біліктілікті арттыру жолындағы кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, жас ұстаздар! 🚀
Білім бөлімінің әдіскері: А.Итемген