«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Оқушылардың құндылықтарын қалыптастырудағы мектеп, отбасы және қоғамның өзара әрекеттестігі» атты семинар

04.11.2026

2026 жылғы 29 қазанда «Жалтыр ауылының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Оқушылардың құндылықтарын қалыптастырудағы мектеп, отбасы және қоғамның өзара әрекеттестігі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар бағдарламасы аясында ашық сынып сағаттары, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының (АПҚО) сабақтары, Әкелер клубының іс-шарасы және қорытынды рефлексия ұйымдастырылды.

Ашық сынып сағаттарында оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілікті, адалдықты және саналы мінез-құлықты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабақтары мектеп пен отбасы арасындағы серіктестікті нығайтуға, өзара түсіністікті арттыруға және бала тәрбиесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетуге бағытталды.

Әкелер клубының іс-шарасына оқушылардың әкелері мен аталары белсенді қатысып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, әке өнегесін насихаттауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға өз үлестерін қосты.

Просмотров: 61


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу