Мұғалімдер арасында үстел теннисінен жарыс

04.11.2026

🏓 Мұғалімдер арасында үстел теннисінен жарыс өтті
Бүгін, 30 қазанда, Астрахан ауданы мұғалімдері арасында КММ «Жалтыр ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде» үстел теннисінен жарыс өткізілді.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, ептіліктерін, жылдамдықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Іс-шара достық әрі спорттық атмосферада өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және педагогтер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар мен спорттық жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 54


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу