7–8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ МЕН ШАХМАТТАН ӨТКЕН АУДАНДЫҚ ЖАРЫСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

04.11.2026

2026 жылғы 4 қарашада Астрахан ауданында 7–8 сынып оқушылары арасында үстел теннисі мен шахматтан аудандық жарыстар өтті. Спорттық іс-шара КГУ «Общеобразовательная школа № 2 с. Астраханка» базасында ұйымдастырылды.

Жарысқа аудан мектептерінің оқушылары қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін, ептіліктерін, жылдамдықтарын, зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

🏓 Үстел теннисі бойынша:
🥇 I орын — КГУ «Общеобразовательная школа с. Зеленое».

♟️ Шахмат бойынша:
🥇 I орын — КГУ «Общеобразовательная школа с. Өндіріс».

Жарыс жоғары деңгейде, достық пен өзара сыйластық атмосферасында өтті. Қатысушылар өз қабілеттерін көрсетіп, тәжірибе жинақтап, спорттық бәсекелестіктің қызықты сәттерін бастан өткерді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — оқушылар арасында бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, жас ұрпақтың физикалық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ аудан мектептері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Жеңімпаздарды лайықты I орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне және ұйымдастырушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!

Просмотров: 119


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу