Ғабдуллин Шамиль — «Ауыл спорты – 2026» республикалық турнирінің чемпионы!

07.11.2026

Ғабдуллин Шамиль — «Ауыл спорты – 2026» республикалық турнирінің чемпионы! 🏆

2026 жылғы 2–7 қараша аралығында Астана қаласында еркін күрестен «Ауыл спорты – 2026» республикалық турнирі өтуде. Жарысқа алты салмақ дәрежесі бойынша спортшылар қатысуда.

57 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ғабдуллин Шамиль!тамаша нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, І орынға ие болып, республикалық турнирдің чемпионы атанды!

Бұл жеңістің маңызы ерекше. Себебі Шамиль осы нәтижесінің арқасында Әлем чемпионатына жолдама алып, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Бұл жетістіктің артында спортшының табанды еңбегі, күнделікті жаттығуы, тәртібі, қайсарлығы мен мақсатқа деген ұмтылысы, сондай-ақ жаттықтырушысының кәсіби шеберлігі мен еңбегі жатыр.

Спортшыны дайындап, әрдайым қолдау көрсетіп, шәкіртіне сенім білдіріп, оның биік белестерді бағындыруына үлес қосқан жаттықтырушысы Жұмабеков Бахтияр Төлеубайұлына ерекше алғыс білдіреміз!

Шамиль мен оның жаттықтырушысы Бахтияр Төлеубайұлын осындай зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, еңбектеріне табыс, алдағы жарыстарда толағай жеңістер мен Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетулерін тілейміз!

Бүгін — республикалық турнирдің чемпионы, ертең — әлемдік аренаның жеңімпазы! Алға, Қазақстан! 🇰🇿

Просмотров: 95


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу