Мерген Ару – 2026» аудандық жарысының қорытындысы

11.11.2026

Бүгін, 2026 жылғы 11 қарашада, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігі мен рухына арналған қыздар арасындағы «Мерген Ару – 2026» аудандық әскери-қолданбалы спорттық жарысы өтті.

Жарысқа Астрахан ауданының жалпы білім беретін мектептерінің командалары қатысты. Қатысушылар өздерінің білімдерін, мергендік қабілеттерін, ептіліктерін, тәртіптері мен әскери-патриоттық дайындықтарын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 I орын — Қамышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.

🥈 II орын — Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебі.

🥉 III орын — Астраханка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі.

Просмотров: 10


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу