ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

17.11.2026

2026 жылғы 16 қарашада «Астрахан ауылының №1 мектеп-гимназиясы» КММ базасында Астана қаласының "International Steppe School of Astana" мектебінің, тірек мектептерге арналған әдістемелік семинары өтті.
Семинардың мақсаты – заманауи оқыту технологиялары мен тиімді әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану мүмкіндіктерін кеңейту, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу.
Іс-шара барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, тың идеялар мен шығармашылық ізденістерін ортаға салды.
✨ Семинар аясында:
🔹Нұрғали Н.Е. - «NIS SHARE аясында: тәжірибе алмасу, әдістемелік қолдау, ынтымақтастық»;

🔹Жумашева А.К. (гуманитарлық бағыт), Беседина К.В. (бастауыш сынып), Мейрамбек Ф.М. (жаратылыстану бағыты) - «Мұғалімге арналған ЖИ мүмкіндіктері»;

🔹Сапаргалиева А.С., Токсанова А.Ж. - «Action Research»;

🔹Ғазиз Е.Ғ., Саулембекова Н. - «Lesson Study»;

🔹Увалиева А.К., Уакбаева С.И. - «Дифференциация» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.
📚Семинар барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, цифрлық технологияларды сабаққа кіріктіру және оларды дамыту мәселелері талқыланды. 
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіліп, қатысушыларды алдағы шығармашылық ізденістер мен жаңа бастамаларға шабыттандырды.

Просмотров: 6


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу