«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс туралы хабарландыру

25.10.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

       

        Мектеп жарғысы негізінде қызмет ететін "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры (тіркеу нөмірі KZ 89LAA00022073 05.02.2021 ж.); Оқушылар саны-90, педагогтар-17,  мекен-жайы: Ақмола облысы Астрахан ауданы Каменка ауылы Школьная көшесі 17.

        Мектеп жарғысы негізінде қызмет ететін "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Первомайка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры (тіркеу нөмірі KZ54LAA00022121 05.02.2021 ж.); Оқушылар саны-195, педагогтар-31,  мекен-жайы: Ақмола облысы Астрахан ауданы Первомайка селосы Мира көшесі 42.

      Мектеп жарғысы негізінде қызмет ететін "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Қаракөл ауылының негізгі орта мектебі" КММ директоры (тіркеу нөмірі KZ23LAA00021612 03.02.2021 ж.); Оқушылар саны -33, Педагогтар - 8, мекен-жайы: Ақмола облысы Астрахан ауданы Қаракөл ауылы Әл-Фараби көшесі 25.

       Мектеп жарғысы негізінде қызмет ететін "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ковыленка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры (тіркеу нөмірі KZ58LAA00021370 02.02.2021 ж); Оқушылар саны - 44, педагогтар - 13, мекен-жайы: Ақмола облысы Астрахан ауданы Ковыленка ауылы Аманжол Шалтаев көшесі 50.

           Лауазымдық міндеттері. Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Жалпыға бірдей оқыту Заңына сәйкес бекітілген учаске бойынша балаларды жалпыға міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, Еңбек және басқалар) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды белгіленген нормалардан төмен емес ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді. Оқу-білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп береді.

      Нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.

      Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады.      Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге және марапаттауға ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

       Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар ЖОО оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда)

     Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы Қағидаларға 3 -;

2)  жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі (ЖОО-ның өзіндік үлгісіндегі) құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

6) бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);;

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы, нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

9)   соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10)  Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

13) Білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан кемінде жетпіс екі сағат өткенін растайтын құжат;

14)  білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

                Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 170000 теңгеден басталады.

    Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады. Хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаментінің Астрахан аудандық бөлімі арқылы ұсынылуы тиіс .

Конкурстың өтетін орны: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі,50 Астрахан ауданының «Білім бөлімі» ММ.

         Анықтама үшін байланыс телефондары: (871641)2-23-38,  электрондық адрес:astrahankaoo@aqmoedu.kz,

e-mail: аstrahankaoo@aqmoedu.kz

 

 

Білім бөлімінің басшысының м.а                                                                                               М.Шелюто

 

 

Орын.Сейл А.

 

 

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст