«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.

01.03.2022

2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.

1. Жалпы ережелер

 1) қызмет беруші жөнінде мәліметтер:

         «Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ және ведомствоға қарасты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы Астрахан ауданы Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі 50.

 2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

         Астрахан ауданында білім саласында 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

         2021 жылға білім бөлімі және ведомствоға қарасты білім беру ұйымдарымен 2144 қызмет көрсетілді;

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 241;

         электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-1022;

         қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-881.

         Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

         2020 жылы 1943 қызмет көрсетілді;

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 204;

         электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -1091;

         қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-648.

         3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

         білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

         «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

         «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

         2. Қызмет алушылармен жұмыс:

         1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары жөнінде мәліметтер.

         Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми ғаламтор-ресурсында орналастырылған http://astrahanka.aqmoedu.gov.kz/news/open/id-2192134  білім бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған.

         Сондай-ақ, барлық ведомставаға қарасты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

         2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылаулар туралы ақпарат.

         Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау бөлімнің ғаламтор сайтында жүзеге асырылады.

         Білім бөлімі және ведомствоға қарасты ұйымдар Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.

         3) мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

         2021 жылы білім бөлімі және ведомставаға қарасты ұйымдармен БАҚ және әлеуметтік желілерде 34 мақала, Instagram желісінде тікелей эфирде 4 сөз сөйлеу жарияланды. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің ғаламтор – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

         1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда

         Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

         Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 44-тен астам қызметкер көрсетеді, 2021 жылы 3 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

           4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

         1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

         2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес, 6 білім беру ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді. Ұйымдардың бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде жекелеген елеусіз сәйкессіздіктер байқалды, олар бақылау іс-шаралары барысында жойылды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

         3) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

         Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

 

5. Мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және одан әрі тиімділігін арттыру.

         Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

         2022 жылы білім бөлімі және ведомстваға қарасты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

Білім бөлімінің басшысы

 

Просмотров: 664


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст