14 қаңтар күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша "Первомай балалар бақшасы" МКҚК-да аудандық семинары өтті. Бұл бағдарлама 6 арнайы жобадан тұрады.
Сезімін қалыптастыру, жаңғырту бағыттары бойынша "Туған жер" жобасын таңдадық. "Туған жер" жобасының басты мақсаты қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту, патриотизм кіндік қанының тамған жеріне, өскен ауылына, өңіріне яғни туған жеріне деген сүйіспеншілілігін арттыру. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс түрлеріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Туған жерге деген сүйіспеншілік - туған елге –Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
Семинардың тақырыбы: " Менің кіші Отаным. Менің туған ауылым", ұраны: "Отанға
деген сүйіспеншілік- өз туған ауылынан басталады". Семинардың бағдарламасы:
1. Семинар қатысушыларды қарсы алу - балалар және педагогтар өз тобын және де өздерін ұсынды.
2.Ересек топтың тәрбиеші И.В. Багинская "Менің ауылым -кішкентай Отаным" тақырыптық сабақ өткізді.
3. Қазақ тілі мұғалімі О.Б. Жумагулова " Ойын еліне саяхат" саяхатын өткізді.
4. Р.П. Халибекова, А.Е. Ермаханова қазақ халқының салты "Тұсау кесу" көрінісін көрсетті.
5. Р.И.Снегурская " Отанға деген сүйіспеншілік- өз туған ауылына басталады" концерттық бағдарламасын көрсетті.
Біздің семинарға ауданның 15 ұйымының өкілдері қатысты:АББ басшылары, балабақшадан, шағын-
орталығынан, және де мектеп пен акимат өкілдері. Сонымен қатар Первомай балалар бақшасы 30 шақты қонақтарды қарсы алды. Жоспарланған семинар ойдағыдай өтті. Педагогтар өз шеберлігін, ал балалар өз өнерлерін көрсетті. "Первомай балалар бақшасы" МКҚК -ға ұжамға көп игі тілектер айтылды. Басқа мектепке дейінгі ұйымдарды әріптестері бақша жұмысына жоғары баға берді, соңымен қатар білім бөлімінің басшысы Асқаров А.А., басшысының орынбасары Путинцева Т.С., және де білім бөлімінің әдіскері Абильдина Ж.К өз аттарынан тілек айтып баға берді. Барлық қонақтарға уақыттарын тауып семинарға келген үшін алғыс айтамыз. Әріптестерімізге зор денсаулық, елімізге береке, еңбекте шығармашылық табыс тілейміз.