Астрахан аудан білім бөлімінің МДБҰ әдіскерінің жылдық жоспарына сай 2018 жылдың 7 ақпанында Петровка ауылының «Айгөлек» балалар бақшасында аудандық әдістеме бірлестігінің отырысы ұйымдастырылды. Отырысқа аудан бойынша 31 тәрбиеші сонымен қатар Астрахан ауданының білім бөлімінің басшысы Асқаров А.А. ат салысты. Отырыста күн тәртібі бойынша қаралған сұрақтардан тыс, 2018 жылдың 26 қаңтарында ұйымдастырылған
аудандық «Менің сүйікті тәрбиешім» байқауының нәтижелері жарияланып, жүлделі орындармен I орын –«Петровка «Айгөлек» балалар бақшасының тәрбиешісі- Жахина Б.К., II орын- «Алпамыс» Астрахан бала
бақшасының тәрбиешісі- Шевкопляс Л.А.., II орынды «Алтын дән» Жалтыр» бала бақшасы тәрбиешісі- Гейбрехт С.И. және III орынды «Старый Колутон бала бақшасының » тәрбиешісі- . марапатталып, сыйлықтар ұсынылды.
Аудан білім бөлімінің әдіскері Ж.Абильдина оқу жылының басында жүргізілген бастапқы және аралық білім деңгейін тексеру мониторингі нәтежелері бойынша талдау жұмыстарын жүргізді. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері, сонымен қатар мектептегі шағын орталық тәрбиешілері өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, жұмыс барысында туындаған мәселелерін ортаға салып талдау жүргізді.
Отырыс соңында келген тәрбиешілер өз тілектерін, қаралған мәселелер мен шешімін тапқан сұрақтарға рахметтерін айтып, жиі осындай отырыстар ұйымдастырып отыруға ұсыныс жасады.