«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Омбы кәсіпкері туып-өскен ауылына көмектесіп келеді

07.02.2018

Астрахан ауданы Жалтыр №4 орта мектебінің хоккей командасы кезекті ойындарына  жаңа спорттық киіммен шығады. Бұл білім ордасына осы Жалтыр аулының тумасы, қазіргі таңда – Омбылық өнеркәсіпшісі, ГК «Титан» атты Сібірдегі  ірі компаниялардың бірінің басшысы Михаил Сутягинский көмектесіп келеді.

         Михаил Сутягинский Жалтыр №4 орта мектебін 1979 жылы бітірсе де, туып-өскен аулын, мектебін,  оны тәрбиелеген, білім нәрімен суындаған ұстаздары мен ауыл адамдарын ұмытпай, оларды ыстық ықыласпен есіне алып, үнемі көмектесіп отырады. Биылғы жылы ГК «Титан»  компаниясының  басшысы мектепке  хоккей

командасының киім-кешек  комплектісін табыстады. Сонымен қатар Жалтыр мектебінің жасөспірім спортсмендері  ойынға керек заттар: коньки, доптаяқ, шлем, қақпашы кеудешесі  т.б. қажетті құралдармен толықтай қамтамасыз  етілді. Сондай-ақ, Михаил Сутягинский  білім ордасының  педагогтеріне спорт залға және жастарға әскери –патриоттық  тәрбие беру мақсатында қолданатын  құралдармен қатар, 11 футбол киім  жиынтығының сертификатын сыйға тартты.

 «Михаил Александровичтің  біздің мектепке жасап отырған ерен ісі, үлкен құрметке ие және көптеген бизнесмендерге үлгі болып табылады. Мектебіміздің оқушылары тағы да жақсы сыйлыққа ие болды!» -дейді Жалтыр №4 орта мектебінің дене тәрбиесі  мұғалімі Анатолий Григораш, -мені оның  жеке қарым-қатынасы таңғалдырады: Михаил Александрович  бізді  тек қана, спорттық киім-кешек жиынтығымен  қамтамасыз еткен жоқ, ол әр киімнің  түсі, матасы, сапасы қандай болу керектігін  егжей-тегжей сұрастырып,  заманауи талаптарды ескеріп, біздің  көңіліміздегі киімдерді табыстады».

     Анықтама: « ГК «Титан» Жалтыр №4 орта мектебіне 2008 жылдан бері қайырымдылық көмекпен қатар, көптеген түйткілді  мәселелерді шешуге қол ұшын созы келеді.  «ГК «Титан» басшысының қамқорлығымен 2009 жылдан бастап Жалтыр аулының №1,№2,№4 мектептерінің 9-11 сынып оқушылары аралығында  осы ГК «Титан» компаниясының негізін қалаушысының Кубогына арналған Ашық спартакиада өткізіліп келеді.  9 жыл ішінде

спартакиадаға 2000 спортсмен қатысты. Жарыс бағдарламасы кейінгі спорт түрлерінен құрылған: мини-футбол, баскетбол, устел-теннисі, жеңілатлетикалық кросс, шахмат, хоккей мен шорт-трек. ГК «Титан» жыл сайын жүлде қорын қалыптастырып, жарыс  жеңімпаздардың дипломдары мен сертификаттарын дайындайды.

      2008 жылы Жалтыр №4 орта мектебіне футбол және футзал ойнауға арналған спорт формасы берілді. 2014 жылы Группа компанияның  қаржылай  қолдауымен спорт залға ремонт жүргізілді. Жалтыр аулының ересек хоккей командасы мен «Титан» ХК достық  Кубогына ойын өткізді. Матчта  «Титан» ХК капитаны , «ГК «Титан» АҚ директорлар Кеңесінің  төрағасы  Михаил Сутягинский  қатысты.

Просмотров: 1174


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст