«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Үздік жас педагог – 2017» байқауы

30.01.2018

Республикалық «Үздік жас педагог – 2017» байқауы

«Қазақстан педагогтар қауымдастығы» Республикадағы барлық білім беру мекемелерінде (балабақша,

мектеп, колледж, институт, университет, т.б.) қызмет ететін педагогтар қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына өз үлесін қосу және білім саласының жас, көшбасшы, озат мамандарын анықтау мақсатында қашықтықтан Республикалық «ҮЗДІК ЖАС ПЕДАГОГ - 2017» атты байқауын ұйымдастырды. Байқауға білім саласында кемінде 2 жыл қызметтік өтілі бар мұғалімдер (тәрбиешілер,

оқытушылар, т.б.) қатысты.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әр қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған және қажет деп табылған құжаттар тізімін толықтырып, түгендеп, 2017 жылы желтоқсан айының 6 жұлдызы сағат 20.00-ге дейін

Қауымдастықтың kaz_pedagogika@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс болатын. Ұсыныс құжаттарын арнайы құрылған сараптау комиссиясы тексеріп, бағалады. Байқау ІІ кезеңнен тұрды.

І кезең: Іріктеу кезеңі.

ІІ кезең: Негізгі кезең.

Байқауға қатысу үшін Нурдуллаев Ерлан Габибуллаевич 2017 жыл 22 қараша күні ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған және қажет деп табылған құжаттар тізімін толықтырып, түгендеп электрондық поштасына жолдады. Іріктеу кезеңі 2017 жылдың 7-8 желтоқсан күні өткізілді. «Үздік жас педагог» республикалық байқауының іріктеу кезеңіне қатысуға еліміздің барлық аймақтарынан 917 педагог өтініш білдірген. 204 педагогтың құжаттары дұрыс рәсімделмегендіктен және қабылдау уақытынан кешігуіне байланысты өтініштері қарастырылмады. Жалпы конкурстың іріктеу кезеңінде 713 педагогтың өтініштері қаралды. Арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша 713 педагогтың арасынан 234 падагог негізгі кезеңге жолдама алды. Жолдамада: «Сізді ҚР

Тәуелсіздігі күнімен құттықтай отырып, мереке қарсаңында қашықтықтан өткізіліп отырған «Үздік жас педагог» республикалық байқауының іріктеу кезеңінен өткендігіңізді қуанышпен хабарлаймыз!

 Байқаудың іріктеу кезеңіне республиканың барлық аймақтарынан белсенді, жан-жақты, үздік 713 педагог қатысып, арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ЕҢ ҮЗДІКТЕРІ іріктелініп алынды. СІЗ - аталмыш сыннан сүрінбей өтіп, үздіктер қатарынан көрініп, негізгі кезеңге жолдама алып отырсыз.» - делінген.

Негізгі кезең бойынша «Ұстаздық қызмет – ұлы құрмет» тақырыбында, қауымдастықтың қойылған талаптары мен ережелерін мұқият орындап, эссе жазып қауымдастықтың электрондық почтасына жолдады.

Республикалық «Үздік жас педагог – 2017» байқауының қорытындысы бойынша іріктеу кезеңінен өткен 234 педагогтың ішінен 62 педагогтың еңбектері үздік деп танылып, қауымдастықтың «Үздік жас педагог» төсбелгісі (футлярда), куәлік және диплом тағайындалды. Байқауда Ақмола облысы бойынша қатысып жеңімпаздар қатарында

болған пелагогтар:

№0020.

Нурдуллаев Ерлан Габибуллаевич – Ақмола облысы, Астрахан ауданы;

№0021.

Айткешова Айтжамал Сарсембаевна – Ақмола облысы, Көкшетау қаласы;

№0022.

Нұрхамит Нүрия Нұрмағанбетқызы – Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы.

 Аталмыш марапаттарды «Қазақстан педагогтар қауымдастығы» Алматы қаласынан  қазпочта арқылы жолдады.

Просмотров: 5378


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст