Буккроссинг — бұл мақсаты кітаптармен еркін алмасу болып келетін, бүкіләлемдік қоғамдық қозғалыс.
Қазіргі кітапханалардың жағдайы қуантарлық емес. Бірақ соның өзінде буккросингтің арқасында ауданымыз үлкен кітапхана әлеміне айналмақ. Себебі кітаптардың орны кез келген жер бола алады.
Биыл біздің ауданымызды мектептерінде «Буккроссинг» бұрыштамалары орын алды. Бұл жоба өз жұмысын бастап әлі күнге дейін жалғасып келуде. Мектеп кітапханашылары ең үздік, оқырмандарға қызық блолады деген кітаптарды жинастырып буккроссингті бастап кетті.
Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық атты мақаласын жүзеге асыру.
Буккроссингтің негізгі принципі: «Оқып болдын ба — басқа оқырманға бер». Ұраны — «Бүкіл әлемді кітапханаға алмасамыз». Жобаның ережелері:
— бір кітапты алу үшін, кітапханаға жазылукдың қажеті жоқ
— кітаптарға нөмірлер мен шифрлар жазылмайды
— әркімнің кітап таңдау еркі өзінде
— кітапты қайта осы стеллажға қайтару мүмкіндігі бар
— кітапты үйде қалдыруға болады
— орнына бір кітап алып келіп, кітапты ауыстыруға болады.
Аудан мектептерінің арасында «Буккроссинг» флаерлары жайылып кетті. Бұл буккроссинг бұрыштамасы әр түрлі жастағы адамдарды қызықтырады. Қазірдің өзінде стеллаждар бірнеше кітаптарға толуда. Себебі буккроссингта тосқауылдар жоқ. Үйде жатқан, оқу барысында ұнамаған кітаптар болып жатса, мектеп кітапханашыларына тапсырып, не болмаса стеллаждарға қоюға болады. Себебі біреулерге ұнамаған кітап, басқа оқырманға ұнауы мүмкін. Кітаптарды оқыса ғана олар «тірі» деп құр босқа айтылмаған.
Барша аудан тұрғындарын буккрсоссинг қозғалысына қатысу үшін шақырамыз!