2018 жылдың 24 қаңтарында МКҚК «Алтын дән» балабақшасында аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту әдіскерінің жылдық жоспарына сйкес аудандық «Менің сүйікті тәрбиешім» атты сырттай байқауы өтті. Барлығы 7 тәрбиеші қатысты: Кирзан В.И. Карабалаева О.Е, Нитченко Т.Н. Лапунька А.П.Ляшенко И.П. Расолқызы Толқын. Хасенова Р.Т.
Байқаудың мақсаты: тәрбиешілердің кәсіби шеберлік деңгейін көтеру және олардың шығармашылық жұмысына көзқарас. Мектепке дейінгі білім беру мекеме тәрбиешілерінің қызметін ата-аналарды бағалауға тарту.
Байқау ережеге сай үш номинация бойынша өтілді
I-номинациясы «Менің сүйікті тәрбиешім»
II-номинациясы «Тәрбиеші әрдайым жанымда және барлық жерде»
III-номинациясы «Мен жұмысымды жақсы көремін»
Барлық тәрбиешілер кәсіби шеберлігін көрсете алды, алайда, барлық номинация бойынша, қазылар алқасының бір ауыздан шешімі бойынша байқаудың жеңімпазы орта «Гномики» тобының тәрбиешісі Кирзан
Валентина Ивановна көп жылғы еңбегінің жемісін паш етіп, жүлделі орынға ие болды. Бірінші орынға ие болу арқылы тәрбиешіміз Кирзан Валентина Ивановна аудандық байқауға қатысуға мүмкіндік алды. Тәрбиешімізге шығармашылық табыс тілейміз. Аудандық байқауда да намысты қолдан жібермей биік шыңдарды бағындырады деген үміттеміз.