2018 жылғы 19 қаңтар күні Астрахан ауданы мектептері онлайн режимінде «Есірткі және қоғам» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен интерактивті сабаққа қатысты.Қатысушылар алдында облыстық наркологиялық оңалту орталығының психологы Молодовская Наталья Анатольевна; «Көкшетау» Студенттер альянсы» корпоративтік қорының эск-көшбасшысы, Көкшетау қаласы жастар ресурстық орталығыныңмамандары, 2017 жылы Халықаралық дельфий ойындарының волонтері Жүнісов Нариман Нұрланұлы және Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ЖОО жанындағы жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы, «Көкшетау»Студенттер альянсы» корпоративтік қорының вице-лидері, облыс әкімі стипендиясының иегері, «Жас Отан» ЖҚ мүшесі Рахметуллина Айдана сөз
сөйледі.
Мамандар нашақорлықтың адам денсаулығына тигізетін салдарын, нашақорлықтың жеке адам үшін де, қоғам үшін де өзектілігі мен маңыздылығынтүсіндіріп өтті. Сабаққа 436 жоғары сынып оқушылары қатысты.