2018 жылдың 18 қаңтарында Астрахан №2 орта мектебінде 11 сынып оқушыларының қатысуымен КАЗГЗУ Университетінің өкілдерімен кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді. Кәсіби бағдар жұмысының жүргізілу мақсаты - жоғары сынып оқушыларына саналы мамандық таңдауда көмек көрсету, саналы кәсіби таңдауын жетілдіруге психологиялық психологиялық дайындығын қалыптастыру, мансапты жоспарлауда оқушылардың құзыреттілігін арттыру.
КАЗГЗУ Университетінің кәсіби бағдар бағдарламасында КАЗГЗУ туралы интерактивті ақпараттық – кеңестік әңгіме жүргізілді: оның мамандықтары, төлемі, оқыту түрлері, дәстүрлері, жетістіктері мен перспективалары, КАЗГЗУ оқуының артықшылықтары, сауықтыру іс-шаралары, жұмысқа орналастыру, үйірмелері және басқа да мәселелері.
Оқушылар қызығушылық танытып, «КАЗГЗУ Университеті» АҚ түсу жөніндегі мәселелерге ойланып, көптеген сұрақтар қойды
Соңында 11 сынып оқушыларының түлектеріне брошюралар таратылып, КАЗГЗУ Университеті туралы ары
қарай ақпараттар алу үшін электрондық мекен-жайы көрсетілген визиткаларды толтырды.