«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

15.12.2017

Мектебімізде «Мектепте  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  бойынша   құрылған жоспар  бойынша жұмыстар  атқаруда. Қараша  айында  «Адал болу адамға не үшін қажет»;

«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс», «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың  салдары» тақырыбында   1-11сыныптар  аралығында сынып  сағаттар  өткізілді. Сынып  сағаттар барысында  оқушылар  жемқорлық  туралы  мағлұматтармен  танысты. Төменгі  буындарда  қызықты  тренингтер  өткізілсе, ортаңғы  және  жоғарғы  буындарда  бейнероликтер  көрсетілді. Сонымен  қатар, 2017

жылдың 17  қараша күні    «Адал  Ұрпақ» ерікті  клубының  мүшелерінің қатысуымен  «Біз  жемқорлыққа қарсымыз!»  тақырыбында  форум өтілді.  Форумның  мақсаты: «Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру .Форумға Астрахан  ауданының депутаты  Мальков А.В,  Жалтыр   селолық  округінің  әкімі Иманкулов А.Ө,  Астрахан  ауданы білім  бөлімінің  міндетін атқарушы   Асқаров  А.А  сынды   қонақтар  қатысты. Аталған  іс  шараға өздерінің  тілектері  мен алғыстарын  білдірді.  Форум Жалтыр  мәдениет үйінде    Жалтыр №1,  Жалтыр №2,  Жалтыр №4 мектептердің  қатысуымен  өтілді. Жалтыр  №1 мектебінен «Кристалл»,  Жалтыр №2 мектебінен 

«Жарқын ұрпақ»,  Жалтыр  №4 мектебінен «Жас  талап»   топ мүшелері  қатысып,  өз өнерлерін  ортаға  салды. Сонымен  қатар, форум  барысында  түрлі жағдаяттар  мен  викториналық сұрақтар  беріліп,  оқушылар жемқорлық 

бойынша   білімдерін шыңдады.

 

 

 

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст