«Тіл дарыны» аудандық байқауы
2019 жылдың 18 ақпанында Астрахан ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұйымдастырылған, мектеп оқушылары арасында жыл сайынғы дәстүрлі аудандық "Тіл дарыны" байқауы өткізілді.
«2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдану туралы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдану" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында іс шара өтті.
Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілін қолдану аясын кеңейту және талантты жастарды қолдау. Аудандық "Тіл дарыны" байқауының басты мақсаты жастар арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуды ынталандыру.
Іс-шараға «Білім бөлімі» ММ әдіскері Рахматулина Гүлзия Қуатқызы, ауданның Тіл орталығының директоры Үрістемов Сәндібек Жәнібекұлы, ауданның жалпы білім беретін мектептерінің қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері және басқалары қатысты.
Тіл саясаты "Тілдердің үштұғырлығы"мәдени жобасын іске асырудан бастау алады. Дәл осы сәтті тәуелсіз Қазақстанның жаңа тіл саясатының бастауы ретінде белгілеуге болады. Тілдердің үштұғырлығы идеясы заман талабына жауап ретінде, қоғамның жаһандық әлемге белсенді ықпалдасып отырған өмірлік қажеттілігін шешуде аса маңызды.
Аталған аудандық байқауға барлығы 32 мектеп оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар анықталып, олар "Білім бөлімі" ММ грамоталарымен марапатталды. "Тіл дарыны" облыстық байқауында Астрахан ауданының намысын 4 оқушы қорғайды (Старый Колутон ОМ, Жалтыр №4 ОМ, Жалтыр №1 ОМ ).