«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жылдың 1 тамызы мен 10 тамызы аралығында «Менің таңдауым- балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтіп жатқан «Мектепке жол!» акциясы туралы ақпарат

10.08.2017

2017 жылдың 1 тамызынан бастап Астрахан ауданында жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол!» акциясы бастау алды. Білім бөлімі «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп аудандық «Маяк» газетіне қайырымдылық акциясының басталуы туралы мақала жарияланды, сондай-ақ білім бөлімінің интернет ресурсында ауданымыздың халқына, ауыл шаруашылық иелеріне, кіші және орта кәсіп иелеріне, мемлекеттік орган қызметкерлеріне балаларын мектепке дайындауда қиындықтуындаған отбасыларға көмек көрсету бойынша бастамаға үлес қосу туралы ақпарат жарияланды.                 

Ауданның барлық білім беру ұйымдарында акцияның басталуы жөнінде бұйрықтар, жоспарлар бар, жергілікті атқару органдар қызметкерлерінің, ата-аналар қауымдастығының, ІІБ және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен аулаларды және үйлерді аралау рейдтері басталды.     Ауданымыздың   сауда орталықтарына  жалпы республикалық қайырымдылық  «Мектепке жол!» акциясының өтуі туралы хабарландыру ілініп, ата – аналар мен астрахан тұрғындарын осы акцияға  ат салысып демеушілік жасауға шақырылды.

Барлық мектептерде мұғалімдер және ата-аналар киімдер мен оқу құралдарды тапсыруға арналған қабылдау пункттері ашылды.

         1 тамыз бен 10 тамыз аралығында 25 оқушыға 105 000 сома көлемінде бюджеттен тыс қаражат есебінен көмек көрсетілді. 

  Бүгінгі күнге 120 мұғалімнің қатысуымен 218 аулалық аралау өткізілді.

 

Просмотров: 606


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст