«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.06.2017

Астрахан ауданы түлектерінің бітіру кеші 2017 жылдың 12 маусым күні есте қаларлықтай болды. Биыл аудан  бойынша 128 түлек мектеп бітірген. Аудан әкімі атынан   «Алтын белгі» иегеріне  Астрахан №1 ОМ түлегі

бағалы сыйлық (ноутбук) Кункашева Асылжанға тапсырылды. Аудан әкімі мадақтамаларымен Асқаров Ерік, Даулетов Олжас /Астрахан №1 ОМ /, Нурланов Нуржан, Макаренко Мария /Астрахан №2 ОМ /марапатталды. Білім бөлім мадақтамаларымен Нажимиден Мариям, Балғабай Мадина, Умуртаева Әйгерім, Умбетова Әйгерім, Кочнев Илья марапатталды.

Дәстүр бойынша, түлектерге мектеп директорлары және ата-аналар өз  тілектерін білдірді. Түлектеріміз де өздерінің ықылас-ниеттерін ұстаздарына жолдады. Түлектердің мектеп вальсы - кештің ең бір  әдемі көрінісі болды. Өздерінің әдемі де көркем киімдерімен ұлдар мен қыздар вальсті тамаша биледі.  Кештің ресми бөлігі бітіруші түлектердің отшашумен аяқталды.

Просмотров: 547


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст