Петровка орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты белсендендіруге мүмкіндік беретін құрамында 8-11 сыныптың оқушылары бар «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубы құрылды. Клуб жоспарында оқушылардың құқықтық білімін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысының негізгі бағыттары ерекшеленеді.
Сәуір айының 28 жұлдызында Жамбыл орта мектебі, Өндіріс орта мектебі және Петровка орта мектебі оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында плакаттар сайысы,сонымен қатар көріністер мен видео материалдар сайысы ұйымдастырылды. Көрші ауыл мектебінен оқушылар мен қарат ұстаздар Петровка орта мектебінің мәжіліс залында жиналды. Жиынның басы психологиялық тренингпен бастау алса, әрі қарай
сайыстар кезең кезеңімен жүріп жатты, сайыс соңында оқушылардың көңілін тағы бір көтеріп алу мақсатында «қыл өтпес жіп» ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіздерін айтып көңілді тарасты.