«Үздік педагог - 2017»
"Үздік Педагог-2017" жыл сайынғы педагогикалық шеберліктің, озық тәжірибенің нағыз мектебіне, педагогикалық тәжірибеде барлық іс-тәжірибелерді тарату орталығына айналды.
2017 жылдың 26 сәуірінде білім бөлімімен бала бақша тәрбиешілері арасында «Үздік педагог – 2017» аудандық конкурсы жүргізілді. Байқауға өздерінің құжаттарын келесі ұйымдар ұсынды: Жалтыр, Первомай, Петровка бала бақшасы, сондай ақ Тобылжан НМ, Новоколутон ОМ және Өндіріс ОМ жанындағы шағын орталықтар.
Байқау 3 кезеңмен жүргізілді:
1. Шебер – сынып;
2. Өзін өзі таныстыру «Менің кәсіби кредом»;
3. «Мұғалімнің шығармашылық зертханасы»
Конкурстың бірінше кезеңі «Шебер – сынып». Бұл кезеңде әр қатысушы өздерінің педагогикалық шеберліктерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың оқыту және тәрбиелеу шеңберінде өздерінің жетістіктерін көрсетті.
«Менің кәсіби кредом» атты байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар шығармашылық жағынан көрінді. Слайдтардың көмегі арқылы өздерінің шығармашылық потенциалын ашып, осы мамандықты кездейсоқ
тандамағандарын және балаларды тәрбиелеу, оларды оқыту – бұл бізге берілген атақ екенін айтып кетті.
Байқаудың үшінші кезеңінде қатысушылар өздерінің портфолиосының жекешелігін көрсететін
жинақталған және мазмұнды материалдарын ұсынды. Мерекелік іс – шараның керемет аяқталуына қатысушыларды, жеңімпаздарды, жүлдегерлерді марапаттау себеп болды
Байқаудың нәтижесі төмендегідей:
1орын
– Ермаханова Акерке Ершабаевна
Первомай бала бақшасының
тәрбиешісі 100 000 теңге сомасында ақшалай сертификатпен марапатталды;
2 орын
– Нитченко Тамара Николаевна
Жалтыр бала бақшасының тәрбиешісі 50 000 теңге
сомасында ақшалай сертификатпен марапатталды;
3 орын – Жилинская Ольга Олеговна
Новоколутон ОМ жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі 30 000 теңге
сомасында ақшалай сертификатпен марапатталды;
Конкурстың қорытындысы бойынша «Балаларға жүрегімді беремін» номинациясында Тобылжан
НМ жанындағы шағын – орталығының тәрбиешісі Досанова Екатерина Александровна, «Сабақ–жанның поэзиясы»
номинациясында Петровка бала бақшасының тәрбиешісі Рамазанова Асель Елемесовна, «Жастығы және педагогикалық болашағы үшін» номинациясында Өндіріс ОМ жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі Абдибаева Аксымбат Нагашыбаевна марапатталды.
Байқаудың жеңімпазы «Үздік педагог-2017» облыстық байқауында ауданның намысын қорғайды. Міне байқауда аяқталды. Қанағаттану сезімі – жақсы ойналған қойылымнан кейінгі әртістің сезіміндей және
барлығын тезірек қайтадан бастау ойы! Тулегенова Назгуль Хамзаевнаның басшылығымен «Алтын дән» бала бақшасының педагогикалық ұжымына және әдіскер Досымова Гульназым Каиргалиевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Біздің «Үздік педагог – 2017» байқауымызға қатысқандарыныз үшін баршаңызға рахмет! Сіздер сияқты адамдар үшін өмір құрастыруға болады. «Байқау» атты шағын, кішкене өмір...!
Уж много лет горят огни,
Но это лишь
начало для отсчета
Финала нет.
Есть новые пути.
для высшего,
для звездного полета.