Денсаулық-кез келген адамның басты құндылығы. Денсаулықты адам өз өмірінің басты бөлігін емделуге,
сауықтыруға жұмсап жатқан уақытта, жақсы денсаулық көптеген мақсаттарға жеткізеді. Сондықтанда денің сау болу үшін салауатты өмір салтын сақтау қажет. Елбасы Нұрсылтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» халыққа жолдау бағдарламасында еліміздің келешегінің негізі, дені сау қоғам қалыптастыруға қатысты басты құндылықтары туралы айтылды. «Дене шынықтыру мен спорт» мемлекеттің басты қамқоры болуы қажет. Дені сау ұлттың кілті салауатты өмір салты болып табылатыны туралы елбасы Нұрсылтан Назарбаев айқын айтып кетті.
Мектепте оқушыларға білім және тәрбие беруде жетістікке жетудің басты жолы, оқушыларға салауатты өмір салтын
қалыптастыру болмақ. Бұл бағытты мектептің басты міндеті- оқушылардың өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасау.
2017 жылдың 21 сәуірінде «Первомай орта мектебі»ММ «Денсаулық алауы» аудандық жарысы
өткізілді. Жарыстың басты мақсаты –оқушыларға салауатты өмір сүру негізін түсіндіріу, өзінің денсаулығын сақтау мен бағалауға үйрету. Бұл жарысқа мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы белсене қатысты. Оқушыларға бұл күн ерекше күн болды: таңертеңнен оқушыларды мектеп спорттық әнмен қарсы алды. Біздің мектепте таңғы жаттығу дәстүрге айналған болатын. Міне, сол күні де оқушылар барлық оқу күніне белсенділік беретін, таза ауада таңғы жаттығуды қуана жасады. Бұл күні барлық сыныптарда бірінші сабақ оқушылар денсаулықтары туралы , жақсы жіне жаман әдеттер туралы айтатын, сынып сағаттары болды.
Біздің мектеп оқушылары әдәлқазылар мүшелерін: білім бөлімінің әдіскері С.Г.Ибекеновны, Астрахан дәрігері С.В. Мирошниченконы, балалар қозғалысының координаторы О.А. Верченконы ду қол шапалақпен қарсы алды.
Бұл күн салауатты өмір пропагпндасына арналды; аға вожатый Д.Е.Искаков «Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз!» жобасын көрсетті. 9 «Б» сынып үгіттеу тобы есірткі затын қолдану неге әкелетінін ұлестірмелер арқылы көрсете отырып, салауатты өмір салтына шақырып өте жақсы өнер көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімдері Нұрадин Р.Т. бастап флешмоб қатысушылары болды. Оқушылар спорттық қимыл-қозғалыстарды қуана жасады. 7-8 сынып оқушылары спорттық би, гимнастика көрсетті. Флешмобқа оқушылар ғана емес мектеп ұжымы да қатысқанын атап кеткім келеді. Мектеп ұжымы басқаларға үлгі көрсетіп, сонымен қатар барлық адамдарды салауатты өмір салтына шақырды. Лентамен гимнастикалық би билеген Аксенова Вера және Катя, Есенгелдиова Айдана атты оқушыларды атап кеткім келеді. Бұл күні мұғалімдер арасында волейбол жарысы, таза ауада спорттық
ойындар өтті. «Первомай орта мектебі» ММ ұжымына және флешмоб жетекшісі Д.Б. Магзумовқа ризашылығымызды білдіреміз.
Егер денің сау
болсын десең,
Спортпен достасуды
баста!
Жұмыс та, оқу да,
Спортпен бірге
қуаныш болады!
Біз уйде ауырмауымыз
қажет,
Ойыншылар ойынын
стадионда
бағалауымыз қажет,
Үздік ем –спорт!
Біздің қорытынды
міне осы!