Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша Ақтау қ. жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңі болып өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін артыру, тұлғаның өзіндік дамуына көмек көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, дарынды балаларды анықтау, іріктеу және дайындау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға, білім берудің беделін көтеру болып табылды.
Олимпиадаға Астрахан аудандынының оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындылары
бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Егимбаева Диана- қазақ тілінде оқытылатын
мектептеріндегі «Орыс тілі және әдебиеті» пәні бойынша, Астрахан ауданы №2 Жалтыр орта мектебінің 10 сынып оқушысы ІІІ дәрежелі дипломен марапатталды.
Жүлделі орындарға иеболған оқушылар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!